Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы жеткіншектің денесі кәріз құдығынан табылды
Астанада 16 ақпанда жоғалып кеткен жеткіншектің денесі үйінің маңындағы қар басып қалған кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

19 ақпанда түнгі сағат 23:40 шамасында еріктілер кәріз құдығынан Бақдәулет Өмірханның денесін тапты. Жеткіншектің денесінде зорлық белгілері болмаған.
«Жеткіншектің қайда екенін және қалай жоғалып кеткенін анықтау үшін полицейлер, әскери қызметкерлер және ТЖ қызметкерлерінен шұғыл-іздестіру топтары құрылды. Сонымен қатар оны іздестіруге еріктілер де қосылды», – делінеді департамент хабарламасында.
Бүгінде жеткіншектің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетсек, 16 ақпанда Астанада Бақдәулет Өмірхан есімді 13 жастағы жеткіншектің жоғалып кеткені туралы желіде ақпарат тараған еді.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті