Тоқаев Алматыда Біріккен ұлттар ұйымының өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Оған қоса "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Құжатта Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Өңірлік орталығын құру қарастырылған. Бұл орталық Орталық Азия елдері мен Ауғанстанда Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету және оларды жүзеге асыруды үйлестірумен айналысады.
Айта кетейік, орталық жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, ал оның қызметін консультативтік кеңес пен Халықаралық консультативтік комитет үйлестіретін болады.
Бағдарламаларды іске асыру үшін Қазақстан БҰҰ-ға 2025-2029 жылдар кезеңінде жыл сайын 3 млн доллардан бөлуді жоспарлап отыр. Құжатты ратификациялау өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев Алматыда Біріккен ұлттар ұйымы университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынған еді.
Тоқаев Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы ел ішіндегі жетістіктерімен тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Президенттің сөзінше, тиімді дипломатияның өзегінде дәл осы жауапты ішкі саясат жатыр.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Оқыңыз