Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада көршілерінің өсегіне қалған әйел олардан өтемақы өндіріп алған

адамның қолында телефон
Фото: depositphotos.com

Астана тұрғынының суреті шамамен 1,5 мың адам отырған екі WhatsApp чатында жарияланған. Әйел суретін келісімінсіз таратқандарды сотқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Іс Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотынан экстерриториялық соттылық тәртібімен Шу аудандық сотына берілген. 

Сот WhatsApp-тағы скриншоттарды электронды дәлел ретінде танып, адамның суретін оның келісімінсіз көпшілік отырған чатқа жариялау оның құқығын бұзу деп бағалаған.

Алайда сот хабарламаларды чаттан өшіру туралы талапты қанағаттандырмаған, себебі белгілі бір уақыт өткеннен кейін хабарламаларды барлық қатысушылардың құрылғысынан техникалық тұрғыда өшіру мүмкін емес. Сот шешімі бойынша екі көршісінен талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 20 мың теңгеден өндірді. Үшінші жауапкерге қатысты талап оның іске қатысы дәлелденбегендіктен, қанағаттандырылмады.

Қазақстанның жоғар соты адамның фотосын оның келісімінсіз, соның ішінде WhatsApp-тағы топтық чаттарда немесе әлеуметтік желідегі стористерде жариялау құқықтық салдарға әкелуі мүмкін ескертті.

Ислам Әден
Дүйсенбі, 09 Қаңтар, 2006 17:48