Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада кофехана Құран сүресін оқығандарға тегін кофе таратқан

тегін кофе құран оқығандарға
Фото: Видеодан скрин

Астанада кофехана Құран сүрелерін жатқа оқығандарға тегін кофе ұсынған. Кейін қоғам наразылығынан кейін акция мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кофехана әкімшілігінің айтуынша, акцияның мақсаты келушілерді Құранның тағы бір сүресін жаттауға немесе бұрын білгендерін еске түсіруге ынталандыру болған. Сонымен қатар акция 7 күнге жоспарланған. 

Бұдан кейін желі қолданушылары бұл әрекетті қызу талқылады. Олар құран сүрелерін кәсіпті жүргізу үшін қолданылғанына наразы болды.

Осы талқылаудан соң мекемеге құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Кофехана иесі кейін бұл акцияның заң талаптарына сәйкес болмағанын мойындап желіге видео жариялады. 

“Бұгіннен бастап біздің акциямыз тоқтатылды. Бізге құқық қорғау орындары барлығын түсіндірді. Бұл акция еліміздің заң талаптарына сай келмейді. Мен заң талаптарын сақтайтын азамат ретінде акцияны тоқтаттым. Өз пікірлерін айтқан барша жанға алғысымызды білдірміз. Келіп үлгеріп, акцияға қатысқандарға да рахмет”, – деді ол. 

Астана қаласының Дін істері басқармасы кофехана иесімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң талаптары мен осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік түсіндірілгенін мәлімдеді.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 05 Тамыз, 2026 10:04