Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге 86 мың теңге айыппұл салынды
Ақтауда 14-шағынауданда балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратқан кәсіпкер күтпеген жерден жауапкершілікке тартылды. Қалалық әкімдік бұл үшін арнайы рұқсат алу міндетті екенін айтып оған 86 500 теңге айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 1 тамыз күні болған. Кәсіпкер жаңа нысанның ашылуына орай балаларға 50 дана балмұздақ пен 30 дана йогуртты тегін таратқан. Сауда орнының иесіне 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Себебі мұндай акцияны өткізбес бұрын әкімдіктен арнайы рұқсат алу талап етіледі.
"Біз кәсіпкерлердің осындай бастамаларына қарсы емеспіз. Алайда өнімді тегін тарату қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Осындай іс-шараларды ұйымдастырмас бұрын жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алып, балаларды қуанту үшін қауіпсіз әрі заңды басқа да тәсілдерді қарастырған жөн. Мұндай акциялар кезінде адамдардың көп жиналуы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін", – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.
Құрылыс алаңынан өтіп бара жатқан қазақстандықты өлімнен бір хабарлама құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
