БҚО-да шабдалы тасыған жүк көлігі аударылып қалды: Жұрт тегін жеміске таласып, шу шығарған

Батыс Қазақстан облысында ерекше апат болды. Самара-Шымкент тас жолында шабдалы тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Апаттан кейін жол бойына ондаған тонна жеміс шашылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жүргізуші шашылып қалған шабдалыларды тұрғындарға жинап алуға рұқсат берген. Дегенмен оның арты жанжалға ұласты. Адамдар жеміске таласып, бір-бірімен сөзге келген.
"Жүргізушінің өзі төгілген жемістерді адамдарға жинап алуды ұсынды. Сол үшін де қарапайымдылық танытып, жемісті жанжалсыз және төбелеспей алып кетуге болар еді. Бірақ оның орнына адамдар бір-бірін итеріп, жеміске таласты. Мен оларға "кем дегенде мың теңге төлеңдер!" деп айттым", – дейді жергілікті тұрғын Равхат Халелов.
Салығын ЦентрКредит Банкі арқылы төлеген қазақстандықтың қаржысы салық органдарына жетпей қалған
Әйел мәселесін 5 ай бойы шеше алмағанын айтады
"Арықтататын дәрі ішемін деп бір өлімнен қалдым": Қазақстандық қыз-келіншектер салмақ тастау үшін денсаулығын қалай қатерге тіккенін айтты
Арықтататын өнімдерді қабылдағаннан кейін денсаулығында түрлі жағымсыз өзгерістер болғанын жазған қыз-келіншектер аз емес
Оқыңыз