Ақтауда тегін гүлге таласқандар бір-бірін таптап кете жаздады
Ақтаулық тұрғындарға тегін гүл таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады. Себебі дүкен басшысы теңіз жағалауында рұқсатсыз жарнамалық акция ұйымдастырған. Салдарынан халық көп жиналып, науқанның соңы айғай-шуға ұласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкер тегін гүл таратамын деп, соңы нағыз талас болған. Дүкенге келгендер бір-бірін итеріп, таптап өтуден де тайынбаған. Соның кесірінен адамдардың арасында қысылып, ауа жетпей қиналғандары да бар. Алайда ешкім зардап шекпеді.

Жергілікті атқарушы органмен келіспеген бизнес өкілі 86 мың теңге әкімшілік жазаға тартылды. Ол өз қатесін түсініп, көпшіліктен кешірім сұрады.
“Бұған дейін де Ақтаудағы кәсіпкерлерге тегін тарату акциялары болмайтыны ескертілді. Бұған қарамастан кәсіпкер тарапынан немқұрайлық таныту фактілері бар. Алдағы уақытта мұндай тегін тарату акцияларына жол бермейміз”, – деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Заңғар Оразай.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген