Астанада қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік өзенге түсіп кетті
Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, темір қоршауға соғылып, суға түсіп кеткен, деп хабарлады елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Апат кеше түнде болған. Көліктің ішінде жүргізушіден басқа бір жолаушы отырған.
“Жедел жәрдем мен полицейлер келді. Екеуіне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйіне жіберілді. Басқа зардап шеккендер жоқ. Судың ішіндегі көлік төтенше жағдайлар департаментінің арнайы технкасының көмегімен шығарылды”, — деді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, полиция хабарлағандай, әкімшілік хаттама толтырылып, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”