Астанада екі жасөспірім АИТВ жұқтырған
Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова РСК брифингінде АИТВ жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілдері жыл басынан бері Астанада АИТВ-инфекциясын қанша адам жұқтырғанын сұрады.
"Астанада статистика бойынша алты айда АИТВ-инфекциясының 206 жағдайы тіркелді. Соның ішінде екеуі – жасөспірім", – деді Бейсенова.
Елорданың бас санитарлық дәрігері Астанада қызылша, А және Б гепатитімен сырқаттану деңгейі өскенін мәлімдеді, ол сондай-ақ белгіленбеген жерлерде шомылмауды ұсынды, себебі бұл жағдайда энтеровирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"