Астанада автосалон менеджері көлік несиесінен бас тартылған клиенттерге смартфон рәсімдетіп, ақша жинаған
Астанада автосалон менеджері автокөлік несиесін ала алмаған клиенттерге смартфонды бөліп төлеуге рәсімдетіп, кейін құрылғыларды сатып, ақшасын көлікке алғашқы жарна ретінде салуды ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиғаға қатысты іс Астанада қаралған. Сотталушы 32 жастағы Дархан Өтеубаев. Ол "Erzhan Rulit" автосалонында менеджер болып жұмыс істеген.
Желіде журналист Михаил Козачков тергеу материалдарын алға тарта отырып, Өтеубаевқа көлік алуға келген клиенттердің алдымен несие алу мүмкіндігін тексерген. Егер банк автонесие беруден бас тартса, менеджер оларға жүйені айналып өтудің жолын ұсынған.
Ол клиенттерге смартфонды бөліп төлеуге рәсімдеуді айтқан. "Телефон несиесін бәріне береді, кейін құрылғыны сатып, түскен ақшаны көлікке алғашқы жарна ретінде салуға болады" деп сендірген.
Менеджердің сөзіне сенген азаматтар смартфондарды несиеге рәсімдеп, кейін сатуға Отеубаевқа берген. Алайда ол телефондарды алып, ізін суытқан. Біраз уақыттан соң үш жәбірленуші полицияға арызданған.

Өтеубаевтың тағы бір жәбірленушісі оның таныс әйел болған. Алдымен ол әйелге автосалонға жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтып, сеніміне кірген.
Кейін көлігін сатуға көмектесуді ұсынған. Автомобиль алдымен басқа көлікке айырбасталған. Менеджер жаңа көлікті сату оңайырақ болатынын айтқан.
Алайда кейін тағы бір айырбас жасауды ұсынған. Осылайша, Өтеубаев көлікті басқа адамға сатып, түскен ақшаны өзіне иемденген.
Бұдан бөлек, ол танысын екі смартфонды несиеге алуға көндірген. Сондай-ақ әйелден баласын басқа оқу орнына ауыстырып беруге уәде етіп, ақша алған.
Бірақ смартфондарды да өзіне алып, баланы басқа оқу орнына ауыстырмаған.
Бұған дейін де алаяқтық үшін сотталған
Құқық қорғау органдары Өтеубаевты ақпан айында ұстаған. Тергеу барысында оның бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін үш рет сотталғаны анықталған. Оның екеуінде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны белгілі болды.
Бұл жолы сот оның әрекеттерін ескеріп, Дархан Отеубаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сонымен қатар ол жәбірленушілерге жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңге болатын шығынды өтеуге міндеттелді. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда курьер алаяқтардың арбауына түскен зейнеткерді тонаудан құтқарып қалды. Әйел алаяқтардың айтқанына сеніп, 3 мың долларын пакетке жасырып, курьер арқылы бермек болған. Оның күмәнді әрекетін байқаған курьер жеткізуді тоқтатып, полиция шақырған. Осылайша, алаяқтардың әрекеті дер кезінде тоқтатылды.
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі мен шетелден көлік әкелу тәртібі қайта қаралады: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?