Air Astana-ның экс-басшысы Питер Фостер соңғы бір жылда қанша табыс тапты
Air Astana әуе компаниясының бұрынғы басшысы Питер Фостердің соңғы бір жылда қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
AIX деректеріне сәйкес, Air Astana-ның атқарушы органына төленген жалпы сыйақы көлемі 2025 жылы 31,6%-ға өсіп, 691,4 миллион теңге болды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 525,4 миллион теңгеге жетті. Қаржылық есептілік депозитарийінің мәліметінше, осы кезеңде компанияның атқарушы органының құрамында бір ғана адам, яғни Питер Фостер болған.
“2025 жылы Air Astana-ның тәуелсіз директорлары мен атқарушы органына төленген жалпы сыйақы – 1,599 миллион доллар болды. Бұл Ұлттық банктің жылдық орташа бағамы бойынша шамамен 834 миллион теңгеге тең. Оның ішінде 142,6 миллион теңге тәуелсіз директорларға төленген”, – делінген Компанияның жылдық есебінде.
Питер Фостер 2005 жылдың қазан айынан бастап Air Astana компаниясын басқарды. 2026 жылдың наурыз айының соңында ол компанияның бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетті. Оның орнына бұған дейін Air Astana-ның қаржы директоры болған Ибрахим Жанлыел келді.
Фостер компаниялар тобымен директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде ынтымақтастығын жалғастырды. 2026 жылы ол Forbes Kazakhstan басылымының Қазақстандағы ең қымбат 20 топ-менеджері рейтингінің қатарына енді.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді