Жетісуда постаматтың ішінен қамалып қалған мысық табылды
Жетісу облысында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі постаматтан әлсіз мияулаған дыбысты естіп, оның ішіне қамалып қалған мысықты құтқаруға көмектесті. Жануардың жәшікке қалай түскені әзірге белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мияулаған дыбыс Kaspi Bank постаматының ішінен шыққан. Белгілі болғандай, мысық постаматтың төменгі жәшігіне қамалып қалған.
Жануардың ол жерге қалай түскені әзірге белгісіз. Мысықты біреу әдейі қамап кеткен болуы да мүмкін.
Қанат Қарымсақов Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен және банк өкілдерімен байланысқа шыққан.
Бірнеше сағаттан кейін постамат ашылып, кішкентай "тұтқын" босатылды. Мысық аман-есен еркіндікке шықты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында жолаушының мысығы салынған тасымалдау қорабы чемодандармен бірге жалпы жүк таспасына түскен. Жануар иесі қораптың таспада бірнеше рет аударылып, мысықтың қатты қорыққанын айтып, жағдайға наразылық білдірді. Осыдан кейін көліктегі полиция тексеру бастаған. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға берілмек.
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі өзгеріп, Энрике Иглесиас концерт береді: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
