Астанада автобус жүргізушісінің бетіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды
Қоғамдық көлік жүргізушісіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндіз Қалдаяқов көшесінде болған. Автобуспен Kia автокөлігінің жүргізушісі жанжалдасып қалған.
“Жеңіл көліктің жүргізушісі аялдамаға тоқтағалы жатқан қоғамдық көліктің жолын кесіп кеткен. Сөйтіп автокөліктің жүргізушісі автобусқа жақындап келіп жүргізушіге баллоннан бұрыш шашып, қашып кеткен”, – делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Kia автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешіміне сәйкес, астаналық тұрғын бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған