Зерттеушілер аспириннің коронавируспен ауырған науқастардың өлім қаупін төмендететінін айтты
Халықаралық ғалымдар тобы аспириннің коронавирустық инфекциямен ауырып, пост-COVID синдромынан зардап шегеккен науқастарға көмектесе алатынын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 және 2021 жылдар аралығында Ұлыбританияда NIHR қаржыландырған REMAP-CAP деп аталатын клиникалық сынаққа Канада, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Непал, Нидерланды, Ұлыбритания елдерінен 105 ауруханадан COVID-19-ға шадыққан 1557 ауыр науқас қатысты. Кейбіреулеріне аспирин берілді, кейбіреулеріне клопидогрел деп аталатын тромбоциттерге қарсы дәрілердің түрлері берілді.
Зерттеушілер COVID-19 ауыр науқастарды емдеу үшін аспирин сияқты антиагреганттық препараттарды қолдану қарқынды терапия қажеттілігін төмендететінін жеткізді. Осы препараттарды қабылдаған адамдардың келесі үш айда өмір сүру ықтималдығы жоғары екендігі туралы дәлелдер болды.
COVID-19-бен ауыр науқастанған адамдарда қан ұйығыштық пайда болады. Бұл қан тамырларын бітеп, ағзаның өліміне әкелуі мүмкін. Осы орайда аспирин қанды сұйылтуға көмектеседі.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады