Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерилердің несиесі кейінге шегеріледі: Қаулы жобасы жарияланды

"Ашық заңды тұлғалар" порталында азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қаулыда әскери борышын өтеп жүрген адамдардың несие бойынша негізгі қарызы мен сыйақы үстемелерін мерзімді әскери қызмет кезеңінде жүрген және одан кейінгі екі ай көлемінде тоқтата тұру туралы айтылған.

“Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан соң 60 күн қоса алынатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады”, – деп жазылған қаулы мәтінінде.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, құжат "Кейбір заңнамалық актілерге несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды іске асыру мақсатында қабылданып отыр.

“Бұл әскери қызметшілерге міндетті әскери қызмет өткеру үшін банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша төлемді кейінге қалдыруға кепілдік беруге бағытталған”, – деп түсіндірді ведомстводан.



Айта кетейік, қаулыдағы бұл жаңашылдықтар елдегі банк қызметін, микроқаржы саласын, коллекторлық қызметті, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жүйесін реттеуге арналған заңнамадағы өзгерістерден туындап отыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әйел қазақстандықтардың мерзімі өткен кредиттері кешіріліп жатқаны туралы айтып, видео таратқаны туралы жаздық. Редакцияға хабарласқан оқырманымыз жалған ақпараттың тарап жатқанын және істің мән-жайын анықтап беруді сұрады. Оқырманның айтуынша, көп азамат сол орталыққа барып алданып жатыр. Ол мұндай алаяқтарға сенбеу керегін және әйелдің білікті маман емес екенін айтты.

Талқылау