"Әскерге күшпен әкетіп жатыр": Шымкент қаласында түсірілген видео қызу талқыға түсті (видео)
Шымкентте түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кадрлардан ер адамды күшпен көлікке мінгізіп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
"Шымкентте әскерге қалай күшпен алып кетуге болады?! Сұмдық қой. Көшеден алып алып кетіп жатыр, тіпта ата-анасына қоңырау шалуға мүмкіндік берген жоқ. Көршім ұлын бір күн іздеп, полицияға шағым түсірді. Слл кезде ғана әскерге алып кеткенін білген. Мұны қалай түсінуге болады? Тым болмағанда шақыру қағазын жіберу керек. Өздерінің ата-аналары жоқ секілді. Осымен төртінші күн әр ауданда жігіттерді күшпен әкетіп жатыр, қой секілді бір көлікке 6-7 адамды отырғызған", - деп жазды видео авторы Instagram парақшалардың бірінде.
Желіде тараған видеоға қатысты құзырлы органдар ресми пікір білдірмеген.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін