Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқар Мамин: "Азық-түлік бағасын бақылаудың жаңа деңгейіне көшеміз"

Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілгеніне назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Белгілі болғандай, нарықта, әсіресе маусымаралық кезеңде бірқатар азық-түлік, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі жиі туындайды. Статистика бойынша, 17 наурыздан 7 сәуірге дейін ғана әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі 4,2 пайызды құрады. Нарықтың жосықсыз қатысушылары төтенше жағдай кезінде жағдайды пайдалануға тырысып жатыр. Сондықтан мемлекет тарапынан қатысу және шекті бағаларды енгізу қажет болды", - деді премьер-министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, аталған фактілер халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесінің тиімсіздігін көрсетті.

"Осыған байланысты біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне көшеміз. Үкімет ұлттық тауар өткізу желісін - көтерме-тарату орталықтарының кешенін құру жөнінде жүйелі шешім қабылдады. Менің тапсырмам бойынша сауда министрі Бақыт Сұлтанов бірқатар еуропалық елдерге барып, осы мәселе бойынша тәжірибені зерделеп, оны пайдаланамыз", - деді Мамин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр