Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының финалына шықты
Қос балуанымыз Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сынына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күнінде екі бірдей балуанымыз алтын жүлде үшін белдеседі. 61 келідегі Асыл Айтақын қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып финалға шықса, 86 келідегі Дәулетбеков жарысты ширек финалдан бастады. Ширек финалда ирандық Хади Вайаейпураны 3:1 есебімен, жартылай финалда қытай балуаны Лиді 11:0 есебімен жеңді. Енді екеуі Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады. Асыл қырғызстандық Жұмашбековке қарсы күрессе, Азамат байырғы қарсыласы өзбекстандық Шапиевпен шығады.
Айта кетейік, кеше сынға түскен балуандардың ішінен Ризабек Айтмұқан күміс, Мейрамбек Қартбай қола жүлде жеңіп алған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

