"Ас үй табасымен ұрып өлтірген": Талдықорғанда әкесіне қол жұмсаған 18 жастағы жігіт ұсталды
6 ақпан күні Талдықорғанда Көктал шағын ауданында 18 жастағы жігіт өз әкесін ас үй табасымен ұрып өлтірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Cурет ашық дереккөзден
Полиция деректерінше Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған.
“Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.
ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді”,- деп жазды ведомство.
Қазір іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген