Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артында жүкті әйелі қалды: Белгілі блогер Даулет Бейсенбек көз жұмды

Белгілі блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан көз жұмды. Жамбыл облысының полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 27 наурызда таңғы сағат 07.00 шамасында республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 282-ші шақырымында болған.

"Honda Odyssey" автокөлігі Тараз – Алматы бағытында келе жатып аударылған. Жол апаты салдарынан 29 жастағы жолаушы қаза тапты. Жарақаттанған жүргізуші мен басқа екі жолаушы Меркі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді”, — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.



Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі.

Сондай-ақ оның өлімі туралы хабарды блогер Эльмира Төлегенова да парақшасында жазды. 

“Дәулеттің көз жұмғанын естідім. Шығармашыл, жарқын мінезді, көңілді адам еді. Екі баласы мен жүкті әйелі қалды. Туыстарына шын жүректен көңіл айтамын”, – деген ол. 

Дәулет Бейсенбек – блогер, фотограф. Instagram-дағы парақшасында 750 мыңнан астам оқырманы бар. Артында екі баласы қалды. Әйелі екеуі тағы бір сәби күтіп жүрген. 

Талқылау