Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“АрселорМиттал Теміртаудың” жаңа инвесторы Серік Ахметов пе, әлде шетелдікке беріле ме - Министр жауап берді

“АрселорМиттал Теміртауға” шетелдік инвесторға келе ме? Компания кімге беріледі? Бұл сұрақтарға өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференцияда журналистердің сұрағына жауап берді. Министр Костенко шахтасындағы апаттан кейін қоғамда қызу талқыға түскен компанияға келетін инвестор жайлы пікір білдірді. 

"Біз активке (АрселорМиттал Теміртау) шетелдік инвесторлардың келуін қарастырып отырған жоқпыз. Еңбек шарты мен қызметкерлер саны өзгеріссіз қалады”,- деді министр.

Министрден БАҚ өкілі бұрынғы премьер-министр және қорғаныс министрі болған Серік Ахметов болады деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатыны туралы сұрады. 

Қанат Шарлапаев ондай мәселе талқылады деп қысқа жауап берді. 

"Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Бұл активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны ғана айта аламын", - деп жауап берді министр.

Талқылау