Бұрынғы АрселлорМитталға қарасты “Абай” шахтасынан 155 шахтер эвакуацияланды
Қарағандыда бұрынғы АрселлорМитталға қарасты “Абай” шахтасы жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
7 қараша сағат 20:29-да орталық диспетчерлік басқармасына “Абай” шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті. Бұл “Қарағанды Жарық” ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.
“Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметтері жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеді. Қазір электр энергиясы қалпына келтірілді. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бірер күн бұрын ақтаулықтар жаппай жарықсыз қалған еді.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді