Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" цехындағы апат: Оқиғаның мән-жайы айтылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аресллор

"2022 жылдың 10 маусымында сағат 14:30 шамасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға болды (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы). Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған, нәтижесінде 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Цехтағы жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылатыны айтылады. Тергеудің нәтижелері қосымша хабарланады. 

Айта кетейік, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адамның ажал құшқаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау