Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпапат агенттігі.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

"Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жұмысшылар көз жұмды. Оқиға белсенді емес термопеште отқа төзімді тасты бөлшектеу кезінде болды. Төрт адам қайтыс болды, біреуі ауруханада", - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, оқиға орнында Төтенше жағдайлар, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары, зауыт басшылығы мен басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеп жатыр.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп қосты Жеңіс Қасымбек.

"АрселорМиттал Теміртау" 10 маусымда "Құрылысмет" ЖШС ("АМТ" АҚ еншілес кәсіпорны) соғу-пресстеу цехының №9 белсенді емес термопешінде отқа төзімді тасты бөлшектеу кезінде шатырдың опырылып түскенін хабарлады.

"Пеш төбесінің опырылуы салдарынан металлургиялық пеш жөндеу цехының отқа төзімді бес жұмысшысы үйінді астында қалып, оларды шығару жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Талқылау