Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстандар туралы 20 қызықты дерек

Арыстандар - батылдық пен айбаттылықпен ұштас жануарлар. Осы тұрғыда арыстандай айбатты деген теңеудің мағынасының түп-төркінін аңғаруға болады. Қалың жалымен оңай танылатын арыстандар - кез келген дұшпанмен күресуге қабілетті қорқынышты жыртқыштар. Бұл ірі жыртқыш өзінің аумағына кірген кез келген қарсыласын жеңе алады. Қуанышқа орай, арыстандар адамдарға сирек шабуыл жасайды екен.    

Арыстан туралы қызықты мәліметтер: 

1. Арыстан мен жолбарыстың қайсысы ірірек деген сұрақ төңірегінде қызу пікірталас әлі де жалғасуда. Негізінен, жолбарыстар арыстаннан үлкен деп ойлайтындар көбірек, бірақ бұл пікірмен бірқатар ғалымдар келіспейді.


Жолбарыстар туралы қызықты 27 дерек


2. Лигр - арыстан мен жолбарыстың будандасуынан пайда болған жануар. Әдетте, екі жыртқышқа қарағанда олардың денесі әлдеқайда ірі. Оның салмағы жарты тоннаға дейін жетіп, ал денесінің ұзындығы үш жарым метрден асуы мүмкін.  

лигрЛигр

3. Мысық тұқымдасының барлық өкілдері арасында арыстандар ең биігі болып табылады.

4. Ересек арыстанның салмағы төрттен бір тоннаға дейін оңай жетеді. Арыстан ұрғашысының салмағы шамамен екі есе аз болады.

5. Арыстан жалының ұзындығы қырық сантиметрге дейін жетеді.

6. Арыстандар көптеген басқа ірі мысықтармен - жолбарыстармен, барыстармен және ягуармен жұптасуға қабілетті.

7. Ғылыми зерттеулер бойынша арыстан жалының түсі неғұрлым қара болса, соғұрлым оның репродуктивті қабілеті жоғары болатындығы дәлелденген. Алайда қара жалды арыстандар ыстыққа төзімсіз келеді.

8. Тасқа салынған суреттерге сенсек, қазір жойылып кеткен үңгір арыстандарында жал мүлдем болмаған немесе өте жұқа болған. Үңгір арыстаны, сондай-ақ, Сібірде өмір сүрген және бүкіл ғаламшарда болған мысық тұқымдасының ең ірі өкілі болған.

9. Арыстандар күніне жиырма сағатқа жуық көлеңкеде жатып демалғанды жөн көреді.

10. Жалғыз арыстандар табиғатта кездеседі, бірақ көбінесе арыстандар бір немесе бірнеше аталықтардан және аналықтар тобынан тұратын тұрақты үйірмен (прайд) өмір сүреді.

11. Арыстан жүрегі дене салмағының жарты пайызын құрайды, бұл барлық жыртқыштардың арасындағы ең аз қатынас болып табылады.

12. Кейбір жағдайларда арыстандар тіпті пілдерге шабуыл жасауы мүмкін.

13. Орташа алғанда бес арыстан күшіктерінің біреуі ғана екі жасқа толғанға дейін тірі қалады.

14. Арыстандар өз аумақтарын қорғау барысында ажалмен бетпе-бет күреседі.

15. Ересек арыстандардың тырнақтарының ұзындығы жеті сантиметрге дейін жетуі мүмкін.

16. Гепардтарға тап болғанда, арыстандар оларға әрдайым шабуыл жасайды және гепард тек қашу арқылы өзін құтқара алады.

17. Арыстанның күшіктері екі жасқа дейін ақыруды үйренеді.

18. Жаңа туылған арыстан күшіктерінің салмағы орта есеппен бір-екі килограммға дейін жетеді.

19. Арыстанның тұрақты үйірінде арыстан ұрғашылары әдетте аң аулайды, ал еркегі демалады. Егер арыстанның өзі аң аулауға шықса, ол жемтігін сол жерде өзі жейді.

20. Арыстан бір уақытта отыз килограмға дейін ет тұтына алады.

Талқылау