Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолбарыстар туралы қызықты 27 дерек

Жолбарыстар - мысық тұқымдасының ішіндегі ең танымал әрі ең ірі жыртқыштары. Жолбарысты оның жолақты терісі арқылы бірден тануға болады. Жолбарыстар қатыгез жыртқыштар ретінде белгілі. Ірі жолбарыстар кез келген жауға қарсы тұра алады.

жолбарыс

Жолбарыстар туралы қызықты деректер: 

1. Жолбарыстарды арыстанмен будандастыруға болады.

2. Әлемде жеті мыңға жетпейтін жолбарыстар қалды. Қазіргі уақытта жолбарыстардың барлық түрлері Қызыл кітапқа енгізілген және барлық елдерде оларға аң аулауға тыйым салынған. 

3. Жолбарыстың қарашықтары үй мысықтарындағы сияқты тік емес, дөңгелек пішінді. Бұл жолбарыстың түнгі емес, ымырт өмір салтын жүргізетіндігімен байланысты.

4. Қараңғыда жолбарыстар адамдарға қарағанда алты есе жақсы көреді.

5. Материктік жолбарыстар аралдарда тұратын туыстарына қарағанда ірі.

6. Тірі қалу үшін жолбарысқа арыстанға қарағанда екі есе көп тамақ қажет. Ересек жолбарыс жылына үш тоннаға дейін ет тұтынады.

7. Еркек жолбарыстардың аң аулау алаңы ұрғашыларына қарағанда 4-5 есе үлкен.

8. Ақ жолбарыстардың барлығы көк көзді.

9. Жолбарыс - мысық тұқымдасының ішіндегі ең ірісі.

10. Жолбарыстар қатты дауыс шығару арқылы бір-бірімен алыс қашықтықта байланыса алады. Ызаланған жолбарыстар ешқашан қатты дауыс шығармайды - олар ырылдайды.

11. Жолбарыстың жолақты өрнегі тек жүнінде ғана емес, терісінде де бар. Егер жолбарыстың жүнін толығымен қырып тастаса, онда жаңа жүн бұрынғы өрнек қалпында өседі.

12. Жолбарыстар тек жолақтарымен емес, сондай-ақ, дауыстарымен де ерекшеленеді. Оның үстіне жолбарыстар бір-бірін дауыстарынан таниды.

13. Жолбарыстар - керемет жүзгіштер. Олар өте ағынды өзендерден де жүзіп өте алады.

14. Амур жолбарысы - жолбарыстардың ең ірісі, оның құйрығын есептемегенде ұзындығы үш метрге жетуі мүмкін.

15. Жолбарыстардың жұптасу маусымы жыл сайын бір аптадан аз уақытқа созылады.

16. Үнді қорықтарында жұмысшылар желке жағында адамның бет-бейнесін қайталайтын бетперде киеді. Бұл жолбарыстың шабуылынан өздерін қорғауға көмектеседі деп санайды, өйткені жолбарыс адамдарға тек тұтқиылдан және артқы жағынан шабуылдайды. Адам келбетіне ұқсас бетпердені көргенде, жолбарыс басқа жем іздеуге кетіп қалуы әбден мүмкін.

17. Жолбарыстар ягуарларға қарағанда адамдарға жиі шабуыл жасайды.

18. Жолбарыстар бір-бірімен бес шақырымға дейінгі аралықта ақыру арқылы хабарласа алады.

19. Англиядан Үндістанға арнайы келген, бірнеше жыл бойы жыртқыштың ізіне түскен тәжірибелі аңшы жолбарысты іздеп тапқанға дейін адам жегіш ең әйгілі жолбарыс шамамен 430 адамды өлтірген.

20. Жолбарыстар мияулай алмайды.

21. Қысқа қашықтықта жолбарыс 60 км/сағ дейін жылдамдықты ала алады.

22. Жолбарыстың алға қарай алты метрге дейін, ал жоғарыға бес метрге дейін секіре алады.

23. Орташа есеппен алғанда, жолбарыстың олжаға шабуылдарының оннан бірі ғана сәтті аяқталады.

24. Жолбарыстар жемтігін жақынырақ тартып, тұтқиылдан шабуыл жасау үшін басқа жануарлардың дауыстарына еліктей алады.

25. Жолбарыстар аю мен қолтырауын аулайды.

26. Жолбарыстың сілекейі айқын антисептикалық қасиеттерге ие.

27. Соңғы жүз жылда жолбарыстың тоғыз түрінің үшеуі жойылған.

Талқылау