Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ тұрғыны лотереядан 1 миллиард доллар көлемінде джекпот ұтып алды

Лоторея
Фото: Unsplash

АҚШ-тың Иллинойс штатының тұрғыны Powerball лотереясындағы 1,04 миллиард доллар (шамамен 465,3 миллиард теңге) көлеміндегі джекпотты ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұтыс туралы лотерея ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

"Powerball тарихындағы көлемі бойынша сегізінші ең ірі джекпот Иллинойс штатында ұтыс иесін тапты. Иллинойс штатында сатылған бір билетте 12 тамыз, сәрсенбі күні кешке жеребе кезінде шыққан джекпотты ұтып алуға қажетті алты нөмірдің барлығы дәл келді. Жеңімпаз 1,04 миллиард доллар жеңіп алды", – делінген лотерея ұйымдастырушыларының хабарламасында.

Лотерея ережесіне сәйкес, жеңімпаз ұтысын бөліп-бөліп ала алады: алдымен оған алғашқы сома төленеді, одан кейін 29 жыл бойы жыл сайын бірдей мөлшердегі төлемдер жасалады.

Сонымен қатар жеңімпаз ұтысын біржолғы төлем түрінде алу мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда салықтар төленгенге дейінгі ұтыс мөлшері 450,5 миллион долларды құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін ер адам 1 миллион еуро ұтқан лотерея билетін қателесіп қоқысқа тастап жібергені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 23:01