"Екі жаңа өмір": Түркістанда бір отбасыда анасы ұлына бүйрегін берсе, тағы бір отбасыда ұлы анасына бауыр доноры болды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында бір күнде бауыр және бүйрек трансплантациясынан кейінгі емін сәтті аяқтаған екі отбасы үйлеріне шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, бір отбасыда ұлы анасына бауырының бір бөлігін берсе, екінші отбасыда анасы ұлына бір бүйрегін берген.
“Бір отбасында 20 жыл бұрын анасы ұлына өмір сыйлаған еді. Бүгін сол ұлы анасына бауырының бір бөлігін беріп, жаңа өмірге мүмкіндік сыйлады. Ал екінші отбасында анасы 20 жыл бұрын дүниеге әкелген ұлына бүгін өз бүйрегін донор ретінде беріп, баласына өмірді екінші рет сыйлады”, – делінген басқарма хабарламасында.
Күрделі бауыр трансплантациясы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Бимендіұлы Баймаханов бастаған жоғары білікті мамандардың қатысуымен жасаған.
Денсаулық сақтау басқармасы бұл оталар – трансплантологияның заманауи мүмкіндіктерінің, дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ отбасы махаббаты, жанқиярлығы және адам өмірін сақтауға деген ортақ мақсаттың айқын көрінісі екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада қайтыс болған донор 5 адамның өмірін сақтап қалғаны туралы жазған едік.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
