Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Скатова үйлену тойын ақылы тікелей эфирде көрсетпек

Диана Скатова тойын тікелей э
Фото: Instagram.com/diana_skatova

Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен бірге өтетін үйлену тойын жаңа форматта ұйымдастырмақ. Жұп 30 тамыздағы салтанатты кешті арнайы онлайн-трансляция арқылы көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың тікелей эфиріне қосылуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың сілтемесін жариялаған. Алайда эфирді тегін көру мүмкін емес.

Тойды онлайн тамашалау құны – 990 теңге. Көрермен алдымен бот арқылы төлем жасап, түбіртекті модераторға жіберуі керек. Төлем расталған соң оған жабық Telegram-арнаға кіруге арналған сілтеме беріледі.

Осылайша, Диана Скатова мен Сұлтан өздерінің маңызды күнін жақындарымен ғана емес, желідегі оқырмандарымен де бөліспек.

Диана Скатова тойын тікелей эфирде көрсетеді
Фото: Скриншот

Желі қолданушылары бұл тәсілді ерекше маркетингтік шешім деп бағалап жатыр. Бірі мұны блогерлер арасындағы жаңа үрдістің бастауы деп қабылдаса, енді бірі тойды көру үшін ақша төлеуге дайын емес екенін айтып, кейін әлеуметтік желіде тарайтын видеоларды күтетінін жазған.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 18:28