Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды

Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 26 мамырда болған. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
ОқыңызЦелиноград аудандық әкімдігі тілшімізге оқиғаның Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округінің маңында болғанын айтты.
"Ойын азаматтардың жеке бастамасы бойынша өткізілді және ресми спорттық немесе бұқаралық іс-шара болған жоқ. Аудан әкімдігі оны өткізу туралы хабарламады, жергілікті атқарушы органның атына келісім алуға өтініш түскен жоқ", – дейді әкімдік.
Алдын ала ақпарат бойынша, ойынға ересектер қатысқан. Жасөспірім бұл жерге туыстарымен бірге барған. Ол ойынға қатысушылардың бірінің орнына алынған.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”