Апелляциялық сот дәрігер Юрий Шумковты өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген Нұржан Тұрсынбаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі апелляциялық шағымның қанағаттандырусыз қалдырылып, үкімнің өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.
Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған Нұржан Тұрсынбаевқа 2023 жылы 16 қаңтарда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарған ді. Онда ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Мерзімін қатаң тәртіптегі мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, сотталушы Юрий Шумковтың жұбайына 15 миллион теңге өтемақы, марқұмды жерлеуге кеткен шығынға 4,6 миллион теңге, соттағы өкіліне 500 мың теңге, Шумковтың анасына 15 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттелді.
Еске салсақ, Алматыда танымал дәрігер Юрий Шумковты өлтіріп кеткен еді.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген