Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Апаттан абырой жинамайық": Бағлан Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырғандарға ашуланды

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырып, жеке парақшасында түрлі негатив видео жариялап отырған желі қолданушыларын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Өнер иесі халықтың қайғысын бірге көтерісуге әріптестерін шақырды. 

“Бұл қасиетті айда елімізге сауап мен сынақ қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батыс Қазақстанымызды басты. Солтүстік Қазақстанымызды шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат, Алланың қалауы дейміз… Бұл күн де өтер, бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер. Біз де халықпен біргеміз. 10 тонна азық-түлік жинап, батысымызға жөнелтіп жатқан Малик Хасенов секілді қаншама танымал тұлғалар сбор ашып, етігімен су кешіп, ел арасында жүр. Сондай ерлікті айтайық. Он тонна азық түлікті тік ұшақпен жедел жеткізуге атсалысқан мемлекеттік органдардың ісін айтайық. "Қуанышты бөліссең көбейеді. Қайғыны бөліссең азаяды" деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда, сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін. Бұлт артынан күн шығады", – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар апат кезінде түрлі әзіл видео жіберетін желі қолданушыларын да сынады. 

“Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі әзіл сөздерді қосып, теріс видео таратып жатқан жандарға, "Апаттан абырой жинамай-ақ қояйық" дегім келеді. Одан қаралымың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп аламыз. Ат салысайық. Сондықтан болатын іске көшейік”, – деп ақыл айтты өнер иесі. 

Еске салайық, Атырауда әкімдік қызметкерінің автосалонда жүргені түсірілген видео тарағанын жазған едік. 

Талқылау