Ант қабылдауына анасы келе алмаған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды
Ант беру рәсіміне жақындары келе алмаған әскери қызметші Александр Землянкин "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Александр Землянкин есімді жігіттің ант тапсыру рәсімінде түсіріліген видеосы тарады. Онда анасының белгілі бір жағдайларға байланысты салтанатты рәсімге келіп, қатыса алмағаны айталды. Сарбаздың видеосы көптің жүрегін елжіретті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында Александр Землянкин "Айбынға” ауыстырылғанын мәлімдеді.
“Қорғаныс министрлігі 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды”, – делінген жазбада.
Сарбаз өз кезегінде қуанышын бөлісіп, Отанға адал қызмет ететінін айтып, ант етті.
“Мен командирлерім мен жолдастарымды жерге қаратпаймын. Командирлердің барлық бұйрығын адал орындаймын”, – дейді Александр Землянкин.