Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бүркіт қайраткер атанғанын дүркіретіп атап өтті (фото)

Жуырда ғана Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған Бүркіт қуанышына орай ақ дастархан жайып, алған марапатын дүркіретіп атап өтті. Қуанышты бөліссең көбейеді деді ме, Бүркіт шоу-бизнестегі барша әріптестерінің басын қосып, кішігірім той жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүркіттің қуанышына шоу-бизнес өкілдері тайлы-тұяғы қалмай, түгел жиналды.

Олардың қатарында Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова, тіпті Баян және Тұрсынғали Алагөзовтер бар.

Өнер иелері Бүркітті жарыса құттықтап, кеште түскен суреттерін желіде жарыса бөлісті.

Той қонақтарының айтуынша, кеш жабық түрде өткен. Атақ алған Бүркіт бұл қуанышына журналистерді шақырмапты.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)

Төреғали мен павлодарлық қария арасындағы даудың толық нұсқасы пайда болды (видео)

Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді

Баян Алагөзова 16 жастағы қызына жыныстық тәрбие бергені үшін сын астында қалды

Талқылау