Әнші Әділет Жауғашар өзін Ақбота Сеймағамбетпен не байланыстыратынын айтты
Жас әнші Әділет Жауғашар “Түнгі студия” бағдарламасында өнердегі әріптесі Ақбота Сеймағамбет екеуіне қатысты әңгімеге нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Танымал әнші сұхбат барысында шығармашылығындағы жаңалықтар туралы баяндады. Сөз арасында көптің көкейінде жүрген әнші Ақбота Сейтмағамбетке қатысты сауал да қойылды. Жүргізушінің: “Араларыңызда не бар?” деген сұрағына Әділет Жауғашар: “Арамызда бала бар”, -деп әзілмен жауап берді.
“Ештеңе жоқ, біз доспыз. Екеуіміз қуаыншты кеште бірге отырдық. Сонда мобилографтар видеоға түсіріп, Instagram-ға салып жіберіпті. Алдағы уақытта екеуіміз дуэт айтуымыз мүмкін”, – дейді әнші дастархан басында екеуінің жарасып отырған бейнежазбасын еске түсіріп.
Аталмыш видео Ақбота Сейтмағамбеттің әлеуметтік желідегі парақшасында әлі күнге дейін сақтаулы.

Бұған дейін той көйлегіндегі Ақбота Сейтмағамбет белгісіз жігітпен түскен суретін жариялаған болатын.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар