Анасы аюдың торына лақтырып жіберген қыз ата-әжесіне табысталды
Ташкенттегі хайуанаттар бағында анасы аюдың торына лақтырып жіберген үш жасар қызды ауруханадан шығарып, туыстарына тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хайуанаттар бағының қызметкерлері кішкентай Заринаны көруге барды. Қазіргі таңда қыз атасы мен әжесінің қамқорлығында.
Туыстары баланы жақсы көріп, оған қамқорлық жасап жатқанына қызметкерлері қатты қуанды. Заринаның атасы мамандығы бойынша аспаз екен, ол немересіне сүйікті тағамдарын дайындап береді.
- Анасы үш жасар қызын аю қамалған торға лақтырып жіберген: Бұл сәт видеоға түсіп қалған
- Ташкентте қызын аю торына лақтырып жіберген ананың неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталды
Атасы мен әжесінің айтуынша, Зарина қазір Юнусабад ауданындағы қамқоршылық үйінде жүрген ағасын сағынып, онымен кездесуді асыға күтіп жүр.
Еске салайық, Ташкент хайуанаттар бағында әйел қызды аюдың торына лақтырып жіберген. Аю қызға тиіспеген, алайда 5 метр жерден құлау салдарынан зардап шеккен науқасқа ашық бассүйек-ми жарақаты және мидың шайқалуы диагнозы қойылған.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық