Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хайуанаттар бағында әйел қызды аюдың қоршауына лақтырып жіберген

Ташкент хайуанаттар бағында әйел қызды аюдың жанына лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы хайуанаттар бағы мәлімдеді. 

Жануар балаға тиіспеді, бірақ қыз бес метрге жуық биіктіктен құлап зардап шеккен.

"Кавказдық қоңыр аю Зузу қызды темір қоршаудан асыра лақтырып жіберген әйелдің әрекетін бақылап отырды. Келушілер мен хайуанаттар бағы қызметкерлер әйелді тоқтатпақ болғанымен, ол бес метрлік қоршаудан баланы лақтырып жіюерген", - деп түсіндірді хайуанаттар бағы.

Аю балаға тиіспеген. Ол арық ішіне ақырын түсіп, қыздың қасына барып, иіскеп, кетіп қалды.

"Жыртқыш" бөлімшесінің қызметкерлері тез әрекет етіп, оны ішкі бөлмеге шақырды,  бастады, ол қызметкерлерге бағынып бірден ішке кірді", - деді хайуанаттар бағында.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі құқық қорғау органдары бұл оқиғаның себептерін анықтап жатқанын, баланың дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.  Хайуанаттар бағы зардап шегушіге медициналық көмек көрсету бойынша барлық шығындарды өздері көтеретінін атап өтті.


Аюлар туралы қызықты мәліметтер

Талқылау