Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ән айтып тұрған Серік Ибрагимов сахнада оңбай құлады (видео)

Серік Ибрагимов сахнада құлап қалды. Ән айтып тұрған әнші абайсызда жерге құлап түсті. 

Серік Ибрагимов бұл туралы өзі көпке мәлім етті. Сахнада болған келеңсіз жайттың видеосын әнші өз парақшасында жариялаған. Алайда қашан, қайда болғанын хабарлаған жоқ. 

“Болып тұрады ғой”, – деп ақталды әнші. 

Ол сахнаның шетін байқамай басып, төменге қарай оңбай құлады. Көрермен шапалақ ұрып, қолдау көрсеткендей. Енді бірі көмекке ұмтылды.

Енді бірі аяушылқ танытып, денсаулығын сұрап әлек.

“Неге адамдар күліп жатыр? Адамдарға осындай болса болды да күлетін нәрсе”, “Ондай ханның қызында да болады. Ештеңе етпейді”, “Күлгенше біреуі тұрып тұрғызып жіберсе болады ғой. Сүрінгенге күлетін адамдар-ай”, “Күлмеймін сенің сүрінгеніңе, күлетін мен емес”, “Ештеңе етпейді, шын ниетпен беріліп айтып тұрғаны көрінді”, “Еш жеріңіз ауырмады ма?”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау