Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар енді үйінің маңындағы ақылы автотұрақтарды тегін пайдалана алады: Нені білу қажет

Автотұрақ
Фото: magnific.com

Алматылықтар енді үйінің маңындағы бір ақылы коммуналдық автотұрақты ресми түрде тегін пайдалана алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

17 тамыздан бастап Алматы тұрғындары үйінен 500 метрге дейінгі радиуста орналасқан ақылы коммуналдық автотұрақтардың бірін тегін пайдалануға құқылы.

Бұл құқық әр тұрғын үйден бір автокөлікке ғана беріледі. Бұл ретте пайдаланушыға нақты бір автотұрақ орны бекітілмейді, бос орын болған жағдайда кез келген жерге көлік қоюға болады.

Белгіленген радиуста орналасқан бір автотұрақты таңдауға болады. Тегін пайдалану құқығын "Алматы паркинг" интернет-ресурсы немесе eOtinish платформасы арқылы рәсімдеуге болады.

Бұл құқықты тұрғын үй иесімен бірге тұратын жақын туысы да пайдалана алады. Ол үшін мүлік иесінің жазбаша келісімі қажет.

Жалға алушылар үшін бөлек талап қарастырылған. Автотұрақты тегін пайдалану құқығы тіркелген жалға алу шарты негізінде беріледі. Бұл құқық жалдау шартының қолданылу мерзімі бойынша сақталады.

Осылайша, тұрғындарға үйінің маңындағы таңдаған коммуналдық автотұрақ үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Алайда тегін пайдалану құқығы бос орынның болуына кепілдік бермейтінін атап өткен жөн.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді ауладағы автотұрақ орнын меншіктеп алатындар жазаға тартылатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2026 21:12