Алматылықтар әлеуметтік желіде дауыс беру барысынан алған әсерімен бөлісіп жатыр
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде сайлау учаскелерінен фотосурет пен бейнежазба жариялап, қалада дауыс беру күні қалай өтіп жатқанын айтуда.
Мәселен, қала тұрғыны Аида Мырза №456 сайлау учаскесіне барған әсерін жеткізді. Оның айтуынша, ол "Алматы тазалық" ұжымы қызметкерлерінің дауыс беруіне куә болған. Сондай-ақ азаматтардың сайлауға белсенді қатысып жатқанын айтты.

Тағы бір жазба Алмалы ауданындағы №111 сайлау учаскесіне арналған. Мұнда қаланың 83 жастағы тұрғыны дауыс берді. Бұл мысал сайлауға әртүрлі буын өкілдерінің қатысып жатқанын көрсетеді.
Алматылықтардың жазбасынан дауыс беру күнінің ахуалын аңғаруға болады: тұрғындар сайлау учаскелеріндегі оқиғаларды жеткізіп, байқағанын айтып, қаланың әртүрлі ауданында бұл күннің қалай өтіп жатқанын көрсетуде.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді