Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық азамат асқазаны бітеу туған 1,5 жасар ұлы үшін елден көмек сұрады

Алматылық тұрғын қаладағы №2 балалар ауруханасын «мүгедек балама дұрыс қарамайды әрі тиесілі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпейді» деп айыптап отыр. Аурушаң баласы үшін барын сатқан әке дәрі алатын басқа ақшам жоқ деп қынжылады. Ал ақ халаттылар қолдан келген көмекті бердік деп, дәріні науқастардың өздері алатынын мойындамай отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Туғанына небәрі біржарым жыл болған Сұлтан аурудан көз ашпай келеді. Асқазаны бітеу туған нәрестеге дүние есігін ашқалы 3 рет ота жасалыпты. Балақай өз аузымен тамақ түгілі, су да іше алмайды. Тек асқазанына жалғанған арнайы түтікше арқылы ғана нәр алады. Ал дәрі-дәрмекті қоспағанның өзінде,  баланың бір күнде жейтін қоспасының өзі 4200 теңге тұрады екен. Баласының дертіне шипа таппаған шарасыз әке қайырымды жандардан көмек сұрайды.

“Жұмыстан да айырылдым. Кешіге берем, кешіге берем, ұят болды, шығуға тура келді. Көлігімді де саттым осы баланың дәрі-дәрмегін алайын деп. Баспанам жоқ, ойланбай баспанамды сатып тұрып осы дәрі-дәрмегін алар едім.  Біріншіден Алла тағаладан көмек сұраймын, екіншіден мына жоғарыда отырған, тепсе темір үзетін бұдан да күрделі мәселелерді шешіп отырған ағаларымыз бар, Солардан көмек, қайыр , осы балама көмек болады ма деген мақсатпен осындай жолға барып отырмын”, – дейді баланың әкесі Жасұлан Керімбеков.

Сәбидің өкпесі де дімкәс, сондықтан қайта-қайта ауруханаға жатады. Ал мына балаларға арналған №2 ауруханаға осымен бесінші рет түсіп отыр. Жасұлан мен оның туыстары кішкентай Сұлтан әлі-ақ адам болып кетеді деп сенеді.

“Дұрыс қой, бізде өзімізде бәрі бар. Тек қана ашынам бізде әділдік қана жоқ па деп. Міне сенбейсіз бе, бермейді. 9 выписка тұр ма, тоғыз выпискадағы жазылған дәрі-дәрмекті өз қалтамыздан аламыз”, – дейді Ләйлә Керімбекова.

Ал аурухана басшылығы науқас баланы қолымыздан келгенше емдеп жатырмыз дейді. Дәрігерлер ата-аналардың дәріні өз қалтасынан алатыны жалған деп отыр.

йБұл бала мемлекет есебінен тегін емделеді. Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етіп отырмыз”, – дейді №2 балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігер орынбасары Аида Ахимбекова.

Бір жарым жылдан бері аурухана табалдырығын тоздырған Жасұлан шарасыздықтан денсаулық сақтау басқарамасының алдында өз-өзін өртемек болған. Сол кезде денсаулық басқармасы дәрігерлерден консилиум құрып, көмектесеміз деп уәде берген екен. Алайда баланың жағдайы әлі күнге дейін оңалмай отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда мүгедек жандар қоғамдық көліктен көрген қорлықтарын айтып шағымданды

Семейде далада қалғандарды панасына алатын Аналар үйінде үйлену тойы болды (фото)

Қазақстандықтар жаппай тілеуін тілеген 5 жасар Оразәлі қайтыс болды

Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр

Талқылау