Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жаппай тілеуін тілеген 5 жасар Оразәлі қайтыс болды

Аса ауыр дертке шалдыққан 5 жасар Оразәлі қайтыс болды. Ол анасымен бірге Кореяға ем алу үшін бара жатқан жолда көз жұмды. Ұшақтың қонуына небәрі 20 минут қалғанда жеткіншектің жүрегі тоқтап қалған.

Бұл туралы баланың анасы ем-домға қаражат жинау үшін ашқан парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгін таңғы сағат 5.00-де Сеулге ұштық. Ұшу кезінде Оразәлі өзін жақсы сезінді, алайда өкінішке қарай Кореяға қонуға 20 минут қалғанда оның жүрегі шыдамады. Реаниматологтар қолдан келгенін жасады, бірақ Оразәлінің жүрегі қайта соқпады. Таңғы сағат 9:40-та баламыз дүниеден озды. Қазір үйге қайтып бара жатырмыз. Менің кішкентай періштем, сені сондай қатты жақсы көремін”, – деп бөлісті баланың анасы Instagram-да.

Айта кетейік, кішкентай Оразәлі апластикалық анемия немесе Пирсон синдромына шалдыққан. Дүниеге келе салысымен дертпен күрескен Оразәліге осы күнге дейін 30-дан аса ота жасалған. Естеріңізде болса, Айнұр Тұрсынбаева бастаған бір топ танымалдар Оразәліге көмектесу үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырған еді.

Оқи отырыңыз: 

Шымкентте студент жігіт үйсіздер мен көше тазалаушыларға тегін палау таратты

Алматы облысында 12 жастағы қыз бен бала үйлерінен бірігіп қашып кеткен

Шымкентте жолаушылар пойыз жолынан ер адамның мәйітін тауып алды

Алматыда жас жігіт тауда суға құлап қайтыс болды

Талқылау