Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогерге көше атауына қатысты сөзінен кейін айыппұл салынды

Алматы көше атауы блогер
Фото: Әлеуметтік желіден

“Mini Knopka” деген атпен танымал Айгерім Бердалиева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Алматы қаласының соты блогерге 60 550 теңге көлемінде айыппұл салды.

Іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды.

“Сот қаулысымен азаматша Б. кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды”, – деп хабарлады сот.

Еске салайық, бұған дейін блогер Айгерім Бердалиева Eurasian Fashion Week аясында өзінің суреті бейнеленген билбордтың шыққанына қуанып, оны парақшасында бөліскен. Жазбада Достық көшесін Ленин деп атап, желі қолданушыларының сынына қалды. 

Алайда блогер өзіне жазған жағымсыз пікірге ашумен үн қатты.

“Маған бәрібір – Ленин. Одан да асырып айтайын: маған бәрібір 2 – Фурманов! Ешқандай Достық, Назарбаев, Наурызбай батыр, Желтоқсан деген атауларды қолданбаймын. Нағыз алматылықтар Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира, Виноградов, Комсомольская деп айтады. Ал пікірлеріңде не жазсаңдар да өздерің біліңдер”, – деп жазған блогер.

Айгерім Бердалиеваның бұл жазбасы жағдайды одан әрі ушықтырды.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 08 Қазан, 2026 19:02