Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам екі шіркеуді таспен атып киратты

Алматы аумағында жас жігіт екі православ шіркеуін таспен атқылады.

Almaty_Sobor5

Полиция хабарлағандай, түнгі сағат бірден кете белгісіз бір жас жігіт 28 панфиловшылар паркінде орналасқан Свято-Вознесенский кафедралды соборының терезесін таспен атып, қиратқан, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жарты сағаттан соң ер адам Алатау ауылындағы Петр және Павел киелі апостолдар ғибадатханасына жетіп, терезесін сындырған.

Жедел қызметкерлер бейнекамера арқылы күдіктіні ұстап алды. Ол 1984 жылы туған Иванов Л. есімді азамат екен. Көлігінен жұмыр тастар табылған.

Полицияның берген мәліметінше, ер адам айыбын мойындамай отырған жоқ, дін қызметшілерімен кикілжіңге келіп, осылайша өш алмақ болған.

Тағы да оқыңыз:

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

54 жастағы әйел екінші қабаттан құлаған баланы қағып алды

ШҚО-да педофил кішкентай қызды шешіндіріп тастаған жерінен ұсталды

Талқылау