Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі жігітті аяусыз ұрғандар видеоға түсіп қалды

Алматыдағы кафелердің бірінде белгісіз біреулер екі жігітті аяусыз ұрып жатқан видео желіге таралып кетті. Видеодағы жігіттер Sputnik Қазақстан-ға мән-жайды түсндіріп берді.

Видеода қорғансыз жігітті алғашқы соққыдан кейін есінен тандырып, тепкілеп жатқаны көрінеді.

Ол өзін Андреймін деп таныстырып, оқиға “Сафира” кафесінің жанында болғанын айтты. Олар  достарымен Жаңа жылды атап өтуге келген.

Доброе утро многоуважаемый админ моего любимого паблика ! Извините что так рано.. но У меня к вам просьба о помощи !! И просто крик души !! 01.01.2018 примерный промежуток времени 6-7 часов утра один наш знакомый отдыхал в кафе «Сафина» в новогоднюю ночь.. находится оно по Кудерина ниже ташкентской, выходя из кафе со своим приятелем, они остановились рядом в метрах 10-20 от входа ! Подкурили и продолжали своё общение ! Рядом крутились парни и одна девушка Азиатской национальности.. видимо перебрав с алкоголем они почувствовали себя героями.. подошли к нашему знакомому и его приятелю и тупо искали причину развести конфликт .. между ними завязалась драка.. нет бы остановиться на достигнутом героизме, так они ещё и в лежачем состоянии забивали людей как собак каких то!!! Это простой беспредел ! Сотрудники стоят на одном месте ! Дело не идёт ! Людей данных на этом видео не ищет наша доблестная полиция… на видео четко все видно что где и как… человек лежит в больнице в тяжелом состоянии с многочисленными переломами и сотрясением.. отбита селезенка и почка.. пожалуйста не оставайтесь равнодушными выложите данное видео у себя ! Помогите найти или разобраться в данной ситуации.. может кто видел их или узнает их лица … Номер для связи WhatsApp +7 771 903 3331 ! Заранее огромное вам спасибо !! И дай бог здоровья вам и вашим близким ! Берегите себя !

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)


“Досым екеуміз темекі тартуға сыртқа шыққанбыз. Бір жігіт келіп, бізге сөйледі. Бір кезде екіншісі келді, мен: “Жігіттер, Жаңа жыл ғой!” дедім, басқасы есімде жоқ. Есімді жисам, асфальтта жатыр екенмін. Кенеттен жасалған соққыдан құлап қалдым. Бүйрегім мен көкбауырым ауырып жүр, мұрным, тістерім сынған, ернім жыртылып, миым шайқалды. Ауруханаға “жедел жәрдем” жеткізді, онда жарты сағат жаттым, ешкім көмектескен жоқ. Інім келіп, үйге алып кетті. Ата-анама болған жайды айттым, олар Краснодарда ауруханада жұмыс істейді. Олар мені сонда шақырып алды. Ертең ешқандай ота жасамаймыз десе, Алматыға ұшамын. Қазір Краснодарда емделіп жатырмын”, — деді ол.

Оның айтуынша, оқиға таңғы сағат 6 шамасында болған. Зардап шегушілер полицияға арызданбаған, алайда Андрей үйіне келген соң шағым түсіруі мүмкін екенін айтты. Соққыға жығылған досы ауруханада бірнеше күн емделіп шыққан.

Тағы оқыңыз:

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Тамара Асар алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған

Талқылау