Дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қазақстандық қызды ажал аузынан аман алып қалды

Алматы орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 9-қабаттан құлаған 17 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
17 жастағы қыз ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілді.
“Оған II дәрежелі кома, травмалық және геморрагиялық шок, аяқ-қолдардың, омыртқа мен жамбастың көп сынықтары, сондай-ақ кеуде қуысының ауыр жарақаты диагнозы қойылды. Ең күрделі зақымдардың бірі – диафрагманың жыртылуы. Соның салдарынан асқазан, көкбауыр және ішектің бір бөлігі кеуде қуысына ығысқан”, – делінген хабарламада.
Хирургтер шұғыл түрде күрделі ота жасап, барлық ауыр зақымды қалпына келтіріп, науқастың жағдайын реттеді. Отадан кейін қыз 12 тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдады.
Кейін оған сүйек пен буынды қалпына келтіруге бағытталған тағы төрт ота жасалды. Жалпы емдеу курсы 58 күнге созылды.
Қазір қыз ауруханадан шығарылып, оңалту курсынан өтіп жатыр.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Оқыңыз