Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды: Салдарынан автобус екі көлікке соғылған

Алматы қаласының Жетісу ауданында автобус жол апатына түсіп, бірнеше көлікке соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жангелді көшесімен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан 131-автобус жүргізушісі Mercedes және Toyota көліктерімен соқтығысқан.
Оқыңыз"Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде ауырып қалған, салдарынан көлікті басқара алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші қайтыс болды", – деп хабарлады полиция.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Апаттың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.