Алматы орталығында жүрген аю көпшілікті таңдандырды (видео)
Тұрғындар Алматы орталығында жүрген аюды видеоға түсіріп, желіге жариялады. Кадрда ғимарат жанында аюдың жүргені байқалады.
Жыртқыштың тұмылдырығы мен жібі бар. Видео автоырының айтуынша, оқиға қала орталығында түсірілген.
Аюдың мәскеулік цирк жануары екені белгілі болды. Аюды таза ауа жұту үшін сыртқа шығарған екен. Бұл аюдың аты Афанасий.
“Аюлардың таза ауада демалтқан дұрыс. Оларды дрессировщикпен бірге сыртқа шығарады. Видео алматылық цирк маңында түсірілген. Ғимарат қуысында дрессировщик Федор Шандурин отырған. Біздің жануарлар дрессировщиксіз жүрмейді”, – дейді цирк басшысының орынбасары Парвиз Гаджиев.
Түркістан облысында мал базарында жыртқыш аю сатылғанын хабарлаған едік.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады