Алматы облысында сәбиін еденге лақтырып ұрған әйел табылды (видео)
Алматы облысы, Талғар аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сәбиін еденге құлата салған әйелдің кім екенін анықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай ол Кеңдала ауылының 28 жастағы тұрғыны екен. Оқиға бірнеше күн бұрын болған. Қазір күдіктіні жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Бейнежазбада ашулы әйел жылаған баласын жұбатудың орынына, оны еденге лақтыра салады. Ал бұған видеоға түсіріп тұрған ер адам наразылық танытып, баланы тынышталдыруды талап еткен.
Оқи отырыңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады