Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өртенген күйі табылған полицей: Әкесін өртеуге қатысы бар деген күдікке ілінген балалар үйқамаққа алынды

Полиция формасы
Фото: gov.kz

Алматы облысы Кеген ауданында өртенген күйі полиция қызметкерін өртеу ісіне қатысы бар кәмелетке толмағандар үйқамаққа алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шәмшекова хабарлады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Кеген аудандық сотының судьясы кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау жөніндегі өтініштерді қараған.

"Судья тараптарды мұқият тыңдап, барлық уәждерін толық баяндауға мүмкіндік берді, сұрақтар қойып, істің мән-жайын шынымен жан-жақты зерделеді", – деп жазды адвокаттар.

Кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған. Үйлеріне бейнебақылау камералары орнатылады, ал өздеріне бақылау жүргізуге арналған электронды білезіктер тағылады.

"Сот отырысында қорғау тарапы тергеу шеңберінен тыс қалдыруға болмайтын бірқатар мән-жайларға назар аударды. Балалар көптеген жылдар бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас жағдайында өмір сүрген болуы мүмкін. Сондай-ақ олар тек куәгер болып қана қоймай, болжам бойынша, өздері де осы жағдайдың құрбаны болуы ықтимал", – делінген заңгерлердің жазбасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында айдаладан полицейдің өртенген денесі табылған еді. Марқұмның 37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеров екені белгілі болды. Іс бойынша бірнеше адам, соның ішінде полицейдің жұбайы мен ұлы да ұсталды. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейдің артында жеті баласы қалды.

Дана Русланқызы
Жексенбі, 28 Маусым, 2026 15:49